Елордада көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтуде

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан халқы тілдерінің 11-ші фестивалі аясында Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараға облыстық және қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысуда.

«Байқаудың негізгі мақсаты - қазақ тілінің асыл қасиетін, көркем келбетін, әуезін, әуенін, келбетін таныту. Жалпы тіл мәдениетін көтеру», дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шаймерден.

 Қазылар алқасы үміткерлердің өнерін бағалауда олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

 Жүзден жүйрік шыққан көркемсөз өнерінің шеберлері Тіл комитетінің арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталмақ.