13:48, 29 Сәуір 2009
Елордада лицензияланатын тауарды заңсыз сатып 1 миллиард 700 миллион теңге тапқан азамат ұсталды
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада «КМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ол тиісті лицензиясыз жанар-жағармай материалдарын заңсыз сақтап, оны сатумен айналысқан. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтері бойынша, Бас директор заңсыз әркеті арқылы
1 миллиард 700 миллион теңге көлемінде пайда тапқан. «Сонымен қатар қазір «Астана- Бақыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қаралуда. Олар сатуға бағытталған құны 7 миллион 700 мың теңгенің жанар-жағармайын лицензиясыз сақтаған», деді ресми өкіл.