Шеруге қатысу үшін ҚР Қарулы күштері өңірлік қолбасшылығының барлық гарнизонынан қазақстандық армияның әскери қызметкерлері келді. Олар үшін Қырықыншы стансыда орналасқан 68665 әскери бөлімнің аумағында палаткадан лагерь құрылды. Күн сайын әскери қызметкерлер жаттығу жасауда, нәтижесін 30 тамыз күні республика тұрғындары тамашалайды.
14:06, 29 Шілде 2011
Елордада өтетін ҚР Конституциясы күніне арналған әскери шеруге қатысу үшін республиканың барлық гарнизонынан әскери қызметкерлер келді
ТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - 30 тамызда Қазақстан Конституция күні мерекесін атап өтеді. Еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өткізіледі. Басты оқиғалардың бірі «Қазақ елі» монументі алдында, елорданың бас алаңында өтетін әскери шеру болмақ, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.