«Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты үкімімен қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Дүйсенов 4 жылға бас бостандығынан айыру, «Аист-Сервис» ЖШС директоры Сатвалдинов 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, ал «Bi Global» ЖШС жоба жетекшісі Ипбергеновке қатысты 53 млн теңге сомасында айппұл салынды», - деді Данияр Бекайдаров онлайн режимден өткен брифингіде.
Оның айтуынша, Сатвалдиновтың қылмысқа итермелеуімен Дүйсенов 2 млн теңге сомасындағы параны Ипбергеновтан алды деген күдікке ілінді. Яғни, елордадағы Жеңіл атлетика спорт кешені нысанының өрт-техникалық жағдайын қарау барысында анықталған өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылғанын жасыру фактісі тексерілді.