АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 15-інде Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ы «Тұран-Профи» біліктілікті арттыру институты және «Астана-Жылутранзит» АҚ-ымен бірлесе отырып, Астана қаласындағы ПИК басшылары мен қызметкерлері үшін «Көппәтерлі үйлерді тиімді басқару және пайдалану» тақырыбында екі күндік семинар өткізеді.
Семинар аясында тыңдаушылар үшін «ПИК қызметінің проблемалы алаңындағы ұйымдастыру диагностикасы» тақырыбында тренинг өткізіледі. Онда ПИК қызметтері барысында туындайтын міндеттер мен шешімдер қарастырылып, сәтті өткен тәжірибелер ортаға салынбақ.
Дөңгелек үстел жұмысына жоғарыда аталған мекемелердің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қызығушылық танытқан тараптар қатысады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.