— Қылмыстық істі тергеу аясында Астана қаласы Полиция департаментінің тобы жұмыс істеп жатыр. Бұл тұрғыда кешенді сот-медициналық және құрылыс сараптамасы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, құрылыс кезінде пайдаланылған құжаттар тексеріліп жатыр, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Кейін ғимарат опырылғанда зардап шеккен фельдшер көз жұмды.
Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 306-бабы (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша тергеліп жатыр.