Елордада Ұлыстың ұлы күніне арналған театрландырылған қойылым болды
500 адам қатысқан қойылымнан Қыс пен Көктемнің кездесуін, табиғат ананың жаңаруын көруге болды. Әртістер алаңға аппақ киім киіп шығып, оны біртіндеп жасыл киімге ауыстырды. Бұл қардың біртіндеп еріп, оның астынан өсіп шыққан жас өскіннің тіршілігін бейнеледі.
Сондай-ақ көрермен назарына «Наурыз шеру» атты театрландырылған-этнографиялық этюд ұсынылды. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді. Іле «Ортақ шаңырақ астында» атты би қойылды. Концерттік бағдарламаның негізгі бөлігі аяқталысымен алаңға жиналған қауымға облыстардан келген әншілер өнер көрсететін болады.
Іс-шараны қалың жұртшылықпен бірге ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов, ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Мәжіліс төрғасы Нұрлан Нығматулин және басқа да лауазымды тұлғалар тамашалады.