деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған шараны Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырып отыр.
Дөңгелек үстел барысында қазіргі қаржы дағдарысының еліміздің әлеуметтік жағдайына әсері, бұл саладағы тәжірибенің тиімділігі, осыған байланысты тиісті шараларды қабылдау, әлеуметтік топтарға көмек беру мәселелері талқыланды.
Жиынға мемлекеттік органдардың, тәуелсіз ғылыми-зерттеу және талдау құрылымдарының сарапшылары, Парламент депутаттары, саяси партиялардың мүшелері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары шақырылды.