Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, «Geely» көлігінің жүргізушісі Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсі жанғанда бұрылысқа шығып кетіп, көлденең жүріп келе жатқан Toyota көлігіне бұрылуға мүмкіндік бермеген.
— Салдарынан көліктер соқтығысып, «Toyota» көлігі екі жаяу жүргінші мен бағдаршамды қағып кетті, — деп хабарлады ведомство.
Оқыс оқиға кезінде көлік жүргізушілері де, екі жаяу жүргінші де жарақат алды. Барлығы ауруханаға жеткізілді.
Еске салсақ, Алматы — Бішкек тасжолында көлік апатынан жеті адам қаза тапты. Кейіннен көз жұмған 5 жолаушы спорт ардагері болғаны анықталды.