Елордада жұмыс, қызмет және тауар өндірушілердің жалпы ұлттық қазақстандық форумы басталды
10:23, 23 Ақпан 2009
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында жұмыс, қызмет және тауар өндірушілердің жалпы ұлттық қазақстандық форумы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Онда ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-ның, Машина жасау одағы, «Атамекен» одағы ҰЭП-сы, Сауда өнеркәсіп палатасы, Ұлттық инвесторлар кеңесінің құрамына кіретін жер қойнауын пайдаланушылар мен жер жүйесін құраушы кәсіпорындардың бірінші басшылары, сондай-ақ барлық аймақтардың әкімдері қатысуда.Форум аясында облыстар мен Алматы және Астана қалаларындағы кәсіпорындардың өнімдері мен қызмет түрлері ұсынылған көрме-жәрмеңке өтіп жатыр. Шараға қатысушылар келіссөздер жүргізіп, келісім-шарттарға қол жеткізеді деп күтілуде.