Олардың арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің және мәдени бағдарламаларының әр алуандығымен екі облыс ерекшеленді. Олар - Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы. Дегенмен, бірінші орынды Алматы облысына беруге болады, - деп мәлім етті «Жастар» сарайының алдында өтіп жатқан Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап көрген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен бірге келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев та Жетісу шаруаларының өнімдерімен таныс болды.
Жоғары лауазымды қонақтар ауыл шаруашылығы өнімдері сатылып жатқан шатырларды аралап көрді. Жәрмеңкеде Алматы облысындағы 16 аудан мен қалалардың тауар өндірушілері өз өнімдерін сатуда.