деді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары П.Казанцев бүгін Партиялық бақылау комиссиясы мен астаналық филиалдың бірлескен отырысында.
Мектеп құрылысының дер кезінде аяқталуының маңызы зор, себебі тура бір айдан кейін кезекті оқу жылы басталады. Ал қалада аталған нысандардың жетіспеушілігі анық байқалуда. Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберіндегі тапсырмаларын орындау барысында оқу ғимараттарына бөлінген мемлекеттік қаражаттың игерілуі мен баяу жүруі және қағазбастылық аталған проблемаларды шешуде негізгі кедергілер болып отыр.
«Мемлекет басшысының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының орындалмай қалу тәуекелі жоғары болып тұр. Біздің алға қойған міндетіміз - кез келген кедергіні азайту. Сондықтан дер кезінде, яғни қыркүйектің 1-інде елордада қосымша оқу орындарын пайдалануға беру үшін 7 мектеп құрылысына қатысты туындап отырған мәселелерді шұғыл шешу керек», деп атап өтті төраға орынбасары П.Казанцев.