Малика Бектұрова супервайзерлермен (еріктілердің үйлестірушілері) әңгімелесу барысында көрмедегі олардың қызметінің маңыздылығын атап өтті. Қала аумағында инфрақұрылым элементтері мен нысандардың орналасқан жері туралы туристерді хабардар етуді қамтамасыз ету соларға жүктелген.
Өз кезегінде, супервайзерлер еріктілердің қызметінің негізгі бағыттарын, еріктілерді ынталандыру жүйесін, ұйымдастыру мәселелерінің спецификасын зерттеп жатқандарын айтты.
Айта кетейік, болашақ волонтерлер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықты күшейтті. Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Ораловтың айтуынша, болашақ еріктілерді дайындау бойынша бағдарламаға ым тілі, ТЖ кезіндегі іс-қимылдар, алғашқы медициналық көмек көрсету енгізілген.