Елордалық «Есіл» ауданының прокуратурасы Ашық есік күнін өткізеді

АСТАНА. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат - Халық арасында құқықтық нигилизмді, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдау мақсатында Астананың «Есіл» ауданының прокуратурасы наурыздың 30-ы күні Ашық есік күнін өткізеді.

ҚазАқпаратқа бұл туралы қадағалаушы органның баспасөз қызметінен хабарлады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша аудан прокуроры, прокурордың орынбасары және прокуратура қызметкерлері қабылдайды. Прокуратураның мекен-жайы: Астана қаласы, Б.Майлин көшесі, 4/1 (2-ші қабат. Сенім телефоны: 8(7172)351660.