Елордалық «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешені сегізінші туған күнін атап өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан картасы «Атамекен» этномемориалдық кешені сенбі күні сегізінші туған күнін атап өтеді.

Мереке құрметіне «Атамекеннің» айлы түні» деген жалпы тақырыппен бірқатар шаралар өтеді. Бағдарламада Астана мемлекеттік филармониясының концертінен екі құрлық - Нигерия мен Қазақстан азаматтарының неке салтанатына дейінгі шаралар бар.