«Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған жобаға ЖОО мен арнайы оқу орындарын тәмамдаған жастар мен 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды «Сәтті қадам» жобасы бойынша құжаттар ағымдағы жылдың шілде айының 31-іне дейін қабылданады. Жобаға қатысу үшін түйіндеме, жеке анықтама, дипломның көшірмесі (қосымшасымен бірге) және өзіңіз жайлы және алдағы мақсаттарыңыз туралы жазылған эссені satti_kadam@zhasotan.kz сайтына жіберу қажет.
Қатысушыларды тағылымдамадан өткізуге дайын компаниялар мен қажетті құжаттар туралы толық ақпараты http://www.zhasotan.kz/ru/projects/26 сайтынан білуге болады.