454 адам кәсіби дайындық және қайта дайындық курстарында оқыды. Қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесі аясында құрылған жұмыс орындарына 2 260 адам жіберілді. Astana.kz сайтының хабарлауынша, бұл туралы Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметов халықпен және еңбек ұжымдарымен есеп беру кездесуі кезінде мәлім етті.
Жалпы, бағдарлама аясында елордада 33,7 млрд теңгенің 166 жобасы мақұлданды. Аталған жобаның басым бөлігі кәсіпорынның негізгі және айналымдағы құралдарын сатып алып, бизнесті жаңғырту мен кеңейтуге жұмсалды.
Әкімнің мәліметіне сәйкес, Алматы ауданында жалпы 31 321 шағын және орта бизнес субъектісі қызмет етеді. Оның - 17 781-сі жеке кәсіпкер. Жалпы осы мекемелерде 76 976 адам жұмысқа тартылған.
Аудандық салық басқармасымен бірлесіп қолайлы салық тәртіптерін енгізу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Кәсіпкерлер арасында салық салуға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, 4116 мекеменің жұмысына тексеру жүргізілді, - деді Сапар Ахметов.