АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылы елорданың Есіл ауданында 511 қылмыс тіркеліп, 251 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін жұртшылықпен есеп беру кездесуі барысында Есіл ауданының әкімі Қайрат Жаңабергенов айтты.
«Қылмыстардың ашылуы 78 пайызды құрады. Аудан аумағындағы тәртіпті күнсайын 105 полиция қызметкері мен ішкі әскердің 20 әскери қызметі қамтамасыз етеді», - деді ол.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, қоғамдық тәртіпті қадағалауға қоғамдық құрылымдардың 114 өкілі де қатысуда.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.