Елорданың мейрамханаларында заңсыз алкогольдік өнімдер бар болып шықты ? қаржы полициясы

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елордада «Фузион-kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры мен өзге де бірқатар азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалуда.

Олар «Фузион» мейрамханасында алкогольдік өнімдерді заңсыз сату арқылы 1,5 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Бұл факті жөнінде бүгін журналистермен болған брифинг барысында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, аталмыш мейрамханада сонымен қатар тағы 1 миллион 700 мың теңгенің алкогольдік өнімдері заңсыз сақталған. Ал Қызылорда қаласында «Наф-Наф» кафесінің иесі спирттік ішімдіктерді заңсыз сатып, 1 миллион 900 мың теңге табысқа кенелген.