АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған Елсияр Қанағатов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді Елсияр Баймұхамедұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спорт дирекциясын басқаратын болды. Ол бүгіннен бастап ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры болып тағайындалды.
Сондай-ақ, ол алдағы Кореяда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның спорт делегациясының шеф-миссиясы міндетін атқаратын болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.