Ең ірі KITF туристік көрмесі 10 жылдық мерейтойын атап өтуде

/strong>Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы «Атакент» көрмелер орталығында «Туризм және саяхат - KITF 2010» жәрмеңкесі өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәуірдің 23-не дейін жалғасатын көрмені Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімшілігі, отандық Iteca көрмелер компаниясы мен британдық ITE көрме компанияларының тобы ұйымдастыруда.

Аталмыш көрмеге әлемнің 36 елінен келген 500-дей компания қатысуда. Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылардың еңбегінің арқасында көрме отралығы экзотикалық турлар мен саяхаттар әлемінің есігін ашатын көркем әрі бірегей экспозициялардың орталығына айналып отыр.

Дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы директоры Золтан Шомодьтың айтуынша, туризм әлемдегі ең ірі әрі жылдам дамып келе жатқан индустриялардың бірі. «Соңғы жылдары Қазақстан Еуразиядағы тартымды, ынтымақты бағыт ретінде өзінің имиджін ілгерлетуді айтарлықтай үрдіске қол жеткізді. Осындай халықаралық туристік жәрмеңкелер іскерлік қатынастар орнатып, нығайту үшін маңызды болып қала бермек, дейді З.Шомодь.