«Еліміздің әрбір тұрғыны байқауға қатыса алады. Ол үшін сүйікті дәрігерімен селфи жасап, медициналық көмекке жүгініп, дәрігердің қамқорлығына бөленген сәтіңіз туралы қазақ немесе орыс тілінде үзінді-мәтін жазу керек», - делінген хабарламада.
Осыдан кейін суретті және мәтінді zdrav_konkurs_2018@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Сонымен бірге, қатысушы сурет пен жазбаны Facebook әлеуметтік желісіндегі өз аккаунтына #Menińdárigerim #Мойдоктор хештэгімен жариялауы тиіс. Жұмыстар осы жылдың 10 желтоқсанына дейін қабылданады.
«Кері байланысты қамтамасыз ету үшін өз телефондарыңызды көрсетуді ұмытпаңыз. Байқау қорытындысы бойынша анықталған 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болады», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.