Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ата Заң мен ҚР Еңбек кодексін басшылыққа ала отырып, комитет БАҚ басшыларына газеттерде азаматтарды жұмысқа алу туралы жарнамаларда жынысы мен жасына қатысты талаптарды басудан тартынуды ұсынды. Аталған құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін.
Осы орайда министрлік бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әсіресе газеттерде жұмыс берушілердің жарнамалары мәтінінде адамның жынысы мен жасына қатысты қойылған талаптар жиі кездесетінін, бұл өз кезегінде еңбек саласында кемсітушілік болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің кейбір заңнамаларына өзгертулер енгізу жоспарланып отыр.