Баяндамадан белгілі болғанындай, еңбек нарығын жыл сайын 292 275 адам толықтырады. Жыл сайын еңбек нарығын толықтыратын адамдардың қатарындағы 21 мыңы колледж бен жоғары оқу орнына түсе алмаған оқушылар. Кәсіби біліктілігі болмағандықтан ең өменгі еңбекақы алады. Сонымен қатар, жыл сайын 133 270 адам колледжді тәмамдап, жұмыс істейді. Олардың 55,1% ғана жұмысқа орналасады. Олардың орташа еңбекақысы 103 091 теңге.
«Бизнес сектор тарапынан мектептерді сенімгерлікпен басқару тәжірибесін қол алып, білім беру саласындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың бірқатар функциясын нарықтық ортаға беру қажет. Біз білім беру жүйесінің мәселесі Білім және ғылым министрлігінің күрделілігінен ғана емес деп есептейміз. Біз бизнес ретінде Елбасының сананы трансформациялауға шақыруын басшылыққа ала отырып, адами капиталды дамыту мәселесіне қатысуға және көмектесуге дайынмыз», - деді Эльдар Жұмағазиев.
Мектепке дейінгі білім мен орта және кәсіби-техникалық білім беру мәселелеріне тоқталған Басқарма Төрағасының орынбасары білім берудің бірыңғай ұлттық тест, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, зерттеу жүргізу секілді негізгі элементтерін нарықтық ортаға шығаруға болатынын айтты.
«Оқушылардың кәсіпкерлік дарынын ерте бастан ашу мақсатында мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік пен бизнестің негізі» пәнін егізу туралы бастама көтерілді. Бұл бастаманы Білім және ғылым министрлігі қолдады. Министрлікпен бірлесе отырып Ұлттық палата «Кәсіпкерлік пен бинестің негізі» оқу бағдарламасын жазды. Бұл 10-11 сынып оқушыларына аптасына 2 рет өткізілетін элективті пән 2018 жылдан басталады. Бағдарламаға кәсіпкерлікке оқытудың әлемдік және қазақстандық тәжірибесі енгізілген, бағдарлама жобалық оқыту қағидасына негізделген», - деп түсіндірді Эльдар Жұмағазиев.
Съезде Басқарма Төрағасының орынбасары Қазақстанда білім беру жүйесіне жылына 1 трлн 669 млрд теге жұмсалатынын хабарлады. «ЭЫДҰ елдерінде білім беру саласына орташа алғанда мемлекеттік шығынның 12,1% бөлінеді. Бізде мемлекеттен бөлінетін жыл сайынғы сома бюджет шығынының 16,5% құрайды. Алайда қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, негізгі элемент - мұғалімдердің бәсекелік еңбекақысы жоқ. 2016 жылы мұғалімдердің орташа еңбекақысы 84 900 теңге, бұл еліміздегі орташа жалақыдан 2 есе аз, ал пайдалы қазбалар саласынан 7 есе төмен, қаржы секторынан 2,5 есе кем. Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінің орташа еңбекақысынан 10 есе (!) төмен», - деп мәлімдеді Эльдар Жұмағазиев.
«Атамекен» ҰКП Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай облыстарында шағын несиелеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Пилоттық жоба аясында 699 өтінімге 3 467 млн теңге шағын несие бөлінген. Бұл жоба Үкіметке таныстырылып, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына енгізілді. Сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлікпен айналысатын бос тетіктерді анықтау үшін үй шаруашылықтарына тексеру жүргізуге ниетті. Бұл зерттеу Қазақстандағы жұмыссыздар санын нақтылауға мүмкіндік береді. Себебі белгілі болғанындай, статистикада нақты көрсеткіштер жоқ. Алынған мәліметтер мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
Еңбек нарығының сұранысын анықтаудың тиімді жүйесі қалыптаспаған. Кәсіпорындарға қандай мамандардың қажет екені туралы нақты ақпарат та жоқ. Осыған орай, жақында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Халықты жұмыспен қамту функциясының белгілі бір бөлігін аутсорсингке беру туралы ұсыныс жолдаған екен. Бұл шара Орталық жұмысының жаңа стандарттарын еруге және орын алып отырған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Ұсыныс қабылданған және келесі жылдан бастап жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктеріне жұмысқа орналастырғаны үшін шығын өтелетін болады.