ОРАЛ. 2 шілде. ҚазАқпарат - «Металл бұйымдары» бірлескен кәсіпорнының директоры Анатолий Павлов Орал қалалық сотының үкімімен еңбек заңдылығын бұзған деп танылып,
ҚР ҚК 148-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталған басшы 2012 жылдың мамырынан қазанына дейін қызмет бабын пайдаланып, қызметкерлеріне жалақысын төлемеген. Кәсіпорын қаржысы басқа мақсатқа жұмсалып отырған. Сөйтіп 288 қызметкерге 38 743 481 теңге көлеміне залал келтірілген.
Сот үкіміне сәйкес А. Павлов енді екі жыл бойы мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).