— Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 369 ұйғарым берілді және 428,2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 9,6 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 306 тексеру жүргізген, оның барысында 6 571 бұзушылық анықталған, оның ішінде: еңбек саласында — 5 427; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 1 111; халықты жұмыспен қамту бойынша — 33.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 40 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері 700 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналастырылды.