«Осыған орай 2013 жылы барлық дайындық жұмыстарын бітіріп, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жұмыстарын бастауды тапсырамын. Оған қажетті барлық ресми шешімер бар, мүмкіндік те жоқ емес. Осыны қатаң бақылауға аламыз. Енді, ведомствоаралық комиссияның отырысында біз болашақ жоспарларды талқылап қана қоймай, мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту сияқты аса маңызды жобаларды атқару барысымен үнемі танысып отыратын боламыз», - деді С.Ахметов. Үкімет басшысы, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту мәселесін енгізуді тапсырды.
18:24, 28 Қаңтар 2013
Енді біз атқарылып жатқан жұмыстарды талқылайтын боламыз - С.Ахметов
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жұмысы мерзімінен кеш орындалып келеді. Бүгін ҚР Мұнай-газ министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов осы мәселені ерекше атап өтті.