КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 48 жастағы ер адам көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қарашаның 20-ы күні Целиноград ауданының Софиевка ауылында болған. 48 жастағы тұрғын ВАЗ-2114 көлігін жөндеп жатқан. Сол кезде, көтергіш тайып кетіп, көлік иесі басып қалған. Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
«Қазіргі кезде полиция аталмыш оқиғаға байланысты тексеріс жүргізуде», - деді Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы Әсем Әбдрахманова.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.