Қазақстандық кәсіпорында өкпе ауруларын және өкпе ауруларының асқынуын емдеуге арналған VibroLUNG бірегей виброакустикалық аппараты шығарылады.
Бұл құрылғы респираторлық патологиясы асқынған науқастардың тезірек сауығуына мүмкіндік береді.
Биыл жаз айларында COVID-19-дың өршуі кезінде бұл кәсіпорын ауруханаларға 200-ден астам виброакустикалық аппарат жеткізген болатын.
Құрылғы отандық мамандардың бірегей әзірлемесі, ол реанимациядағы, әсіресе, ӨЖЖ-ға қосылған науқастар үшін аса қажет.
VibroLUNG-пен қатар, отандық конструкторлар жасаған ӨЖЖ және транспульмоналды қысым мониторларының үлгілері көрсетілді.
Вице-премьердің сапары барысында аталған кәсіпорынның қазақстандық медицина мекемелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігін растайтын өндірістік әлеуеті көрсетілді.
Аралау қорытындысы бойынша Е. Тоғжанов кәсіпорындардың жұмысына оң баға беріп, Үкімет отандық өндірушілерді жан-жақты қолдайтынын атап өтті.