КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Ербол Сағдиев «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұлттық парк сайтына сілтеме жасап.
Ербол Болатұлы 1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданындағы Өндіріс ауылында туған. 1983 жылы Алматы зооветиринарлық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша, 2010 және 2015 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің құрылыс бакалавры, орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі болып жұмыс істеді. «Парасат», «Құрмет», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», «Зеренді ауданының құрметті азаматы», «Мәдениет қайраткері» ордендарымен және басқа да медальдармен марапатталған.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.