Ерболат Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін «Экономика»мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары «Дана жол» қолданбалы экономика орталығында экономист-талдаушы болып жұмыс істеген. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушы, KAZGUU-дің Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінде аға оқытушы, «Қазақстан» РТРК-да редактор-тележүргізуші қызметтерін атқарды. ШҚО Үржар ауданы әкімінің аппаратында жұмыс жасады, сондай-ақ «Atameken TV» арнасында бас продюсердің орынбасары болған.
Осы уақытқа дейін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.