Кәсіпорынның негізгі өнімі мыс-молибденге елімізде үлкен сұраным бар. Болашағынан үміт арттыратын кенді игеру жұмыстары бүгіннен қолға алынған. Аумағы 746,3 гектарды алып жатқан кен орны ширек ғасырға жалға берілген. Мұнда алтын қоспасының, мыстың, молибден өнімдерінің мол қоры бары белгілі болып отырған көрінеді. Серіктестіктің бас директоры Геннадий Анның айтуынша, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпіліс беретін жаңа өндіріс орны болмақ.
11:26, 08 Қаңтар 2011
Ерейментау ауданында жаңа өндіріс орнының тұсауы кесілді-Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданында «Қызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен өндірісі кешенінің тұсауы кесілді.