Коммерциялық директор Алексей Скатовтың айтуынша, үй құрылысынан бөлек, мұнда металл қоршаулар мен асфальт төселеді.
Келесi нысан қайта салу жұмыстары жүргiзiлiп жатқан «Қарасай» стадионы болды. Құрылысшылар мұнда шығыс мiнбенi нығайту жұмыстарын аяқтап, батыс мiнбеге көшкен. Мұнда құрылыс саласының соңғы жетістіктері бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Петропавл қаласының Ботаникалық саябағында да жөндеу жұмыстары белсендi жүріп жатыр.
«Негiзгi жұмыстарды аяқтадық. Ғимарат iргесi толық өзгердi. Гидрооқшаулағышты, қабырғаны жылылау жұмыстарын жүргiздiк», - дедi «Қызылжар оранжереясы» МКҚК директоры Артур Рязапов.
Ғимарат шатырын жөндеу де аяқталуға жақын. Барлық жұмыстар қараша айының аяғында тәмамдалады деп жоспарланған.