Жоба Шығыс Қазақстан облысының айрықша қорғалатын аумақтарының желісін кеңейтуге де бағытталып отыр, деп хабарлайды Семейдегі «Исток» («Бастау») қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметінен.
Жоба аясында «Исток» еріктілері Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен Марқакөл қорықтарында халықтың арасында сауалнама жүргізді және орманды, далалы аймақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын түсіндіру жөніндегі акциялар өткізді.
«Ормандар мен даладағы өрттер тек биологиялық түрлерді азайтып қана қоймайды, сонымен бірге жердегі климаттың өзгеруіне себеп болады», - дейді «Исток» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Людмила Михайлова.