деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күміс медальді 96 килә салмақта күрескен Нұржан Қатаев жеңіп алса, 60 килә салмақта белдескен Дәурен Жұмағазиев пен 74 килә салмақта сынға түскен Сейфадин Османов қола медальді қанжығаларына байлады. Н. Қатаев финалда ирандық Реза Язданиге есе жіберді. Ал, қола жүлде үшін болған күресте Д. Жұмағазиев қытайлық палуанды, ал С. Османов қырғыз Ильгиз Жақыпбековты жеңді. Осылайша біздің еркін күресшілеріміз Азия чемпионатының бірінші күнінде-ақ өткен жылғы нәтижелерін қайталады. Олай болса, біздің құраманың қоржыны тағы да майлана түсуі ықтимал. Себебі, бүгін боз кілем төріне тағы төрт палуанымыз шығады. Олар: Дәулет Низбеков (55 килә), Әсет Дүкенбаев (66 килә), Семен Семенов (84 килә) және Марид Муталимов (120 килә).