Осынау атаулы оқиғаның құрметіне мұражайда «Әлем эмальдары», «Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы антикалық қалалардың өнері мен мәдениеті» және «XIV ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Дағыстан өнері» деген тақырыптарда үлкен үш көрме ашылуда.
Эрмитаждың 245 жылдығын тойлау аясында сондай-ақ, ертең, желтоқсанның 9-ында Георгиев залында мұражайға жаңа жәдігерлер - Ұлы Князь үлкен Николайдың қылышы мен сәулетші Юрий Фельтен сызған Эрмитаж ғимаратының бірегей сызбанұсқаларын табыс ету рәсімі өтеді.