АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімі өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне шараны ұйымдастырушылар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің салмақ өлшеу рәсімі ертең, яғни 28 қазан күні сағат 11:00-де «Mega park» сауда ойын-сауық орталығының 3 қабатында өтетіні белгілі болыпты.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей арасындағы жекпе-жек 29 қазан күні Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.
Бұл күні Қанат Исламнан бөлек, Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлының кәсіби бокстағы айқастарын тамашалайтын боламыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.