Онда ведомство басшысы Нұрғали Әшімов Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша министрліктің міндеттері туралы баяндама жасайды. Бұл ақпаратты аталған министрліктің баспасөз қызметі таратып отыр.
«Елбасы Жолдауының «Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы» атты бірінші бөліміне сәйкес министрлікке ірі табиғат пайдаланушыларға аталған бағдарламаның жобаларын жүзеге асыруға көмектесу қажеттігі туындап отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
Алқалы жиын жұмысына Парламент депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.