Ертең -Украинада президенттік сайлау өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, сенбі күні Украинада «тыныштық күні». Ал ертең, жексенбіде президенттік сайлау өтеді,

деп хабарлайды «Маяк» радиостансысы.

Ел президенттігінен басты үміткерлер жұма күні кешкі телеэфирде қорытынды сөздерін сөйледі. Ал сайлау алдындағы күні кез-келген үгіт-насихат шараларын жүргізуге заңмен тыйым салынған.

Ел президенттігінен үміткер 18 кандидат бүгін демалады, ал 37 миллион сайлаушы дауыс беру учаскелеріне аттанбас бұрын, тағы бір күн ойлануға мүмкіндік алады.