ӘКК баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бұл жоба импортты алмастырып, қазақстандық тауарлар үлесін ұлғайтуға бағытталған. «Ертіс» ӘКК перспективада әк зауытын дамытуға жәрдемдесе отырып, тауарларды қазақстандық және шетелдік нарықтарға ілгері жылжытпақ. Бұл жобаға ӘКК қатысу үлесі - 50 миллион теңгені құрайды.
Әкті өңдеу Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы Жалғызтөбе кенті маңындағы «Николаевское» кенішінде жүргізіледі. «Теньши» ЖШС осы кеніште жер қойнауын пайдалану келісімшартына қол қойды. Мұнда өндірілген әк өндірісте пайдаланылып, 60 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна әк шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінде зауыт өнімін сатып алуға отандық компаниялармен қатар ресейлік кәсіпорындар да ынта білдіріп отыр.