деп хабарлады әкімдіктің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.
47 кәсіпорны мен ұйым ауыл шаруашылығы мамандықтарының екі жүзден астам жұмысшысын шақырып отыр. Ал жәрмеңкеге тұрақты жұмыс орындарын іздеп 217 адам келді.
Жүмыс берушілердің жұмыссыздармен болған кездесулерінің қорытындысы бойынша 12 адам - тұрақты жұмыс орнына, 36 адам - маусымдық-уақытша жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ №21 кәсіптік лицейдің түлектеріне жастар тағлымдамасынан өтуге 12 «күту парағы» берілді. Болашақ мамандарға бұл жұмыс орындарын «Дауыл», «Ертіс», Абай атындағы шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер ұсынып отыр.