Ертіс өзеніне тұқының 3 мың шабағы жіберілді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Ақсу ЖЭС Ертіс өзеніне тұқының 3 мың шабағын жіберіп, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті.

Бұл туралы «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Опырмалы арнада ашылған балық шаруашылығы стансасында бір жастағы тұқылар өсірілген. Аналық балықтың кейбір түрінің салмағы 30 келіге жетеді.

«Біз жылда Ертіске балық жібереміз, - деп атап өтті «ЕЭК» АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы Ринат Оспанов. - Соңғы жылдары өзенге тұқының 50 мыңға жуық шабағы жіберілді.