деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Храмды қайта жаңарту жұмыстары өткен жылы басталды, бүгінде ғимараттың біраз бөлігі қалпына келтіріліп отыр. Қазір құрылысшылар күмбез орналасатын собордың негізгі корпусын тұрғызуда, қоңыраухананы да қайта тұрғызуда.
Құрылыс жұмыстарының қарқыны қаражаттың түсуіне байланысты. Құрылтайшы кеңес халыққа, шаруа қожалықтары мен аудан кәсіпорындарының басшыларын тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге қолдарынан келгенше көмек көрсетуге шақыруда.
Алғашқылардың бірі болып үн қатқан «Абай» ЖШС-нің директоры Николай Миллер князь Александр Невскийдің атындағы соборды қалпына келтіруге жарты миллион теңге бөлді.