Ержан Коңырбаев Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласы әкімінің өкімімен қаланың тұрғын-үй коммуналдық қызмет мәселелері бойынша әкім міндеттері Қоңырбаев Ержан Смағұлұлына жүктелді.

Қала әкімдігі аппаратының кадрлар бөлімі қызметінің хабарлауынша, Е.Қоңырбаевтің мамандығы - жылу энергетигі және экономика-бизнес магистрі.

1981 жылы Өскемен энергетикалық техникумын, 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2010 жылы Қазақстан-америкалық еркін университетін бітірген.

Еңбек жолын Е.Қоңырбаев 1983 жылы бастаған. Әскери борышын өтеп келісімен, қаланы жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін «Восток-облагропромстрой» ЖШС қазандықтың ауысым бастығы, қазандық жабдықтарын жөндеу шебері, қазандық бастығы болған.

Кейінірек «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу жүйелерін өлшеу және сынау қызметінің инженері, Жылу жүйелерінің орталық аумағының басшысы болып еңбек етті.

2009-2011 жылдары - «Өскемен жылу жүйелері» АҚ атқарушы директоры.

2011-2015 жылдары - «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС бас директоры, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері «Иртыш Пауэр энд Лайт» (AES Казахстан») компаниясында техникалық сарапшы болды.

Қоңырбаев Е.С. 1962 жылы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Белая Гора ауылында туған.

Үйленген. Бір ұл, бір қызы бар.