- Іздеуге біз бастамашылық жасамадық. Сіздер құзіретті органдарға жүгінгендеріңіз жөн. Иә, іздеу жарияланды, іздеудегі адамдардың тізімінде бар. Бұл мәселені бастамашымен бірге шешеміз, - деді миинстр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Осы орайда Ержан Сәденов экс-шенеунікке қандай баппен іздеу жарияланғаны туралы мәліметті нақтылаған жоқ.
Айта кетейік, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті порталында бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат шыққан еді.