Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл жағдай субсидиялаудың атаулылығына, субсидия мөлшерін қалыптастыру әдістемесінің болмауына байланысты туындап отыр. Сонымен қатар, конкурсқа қойылған қатынас бағыттары бойынша билет бағаларының шекті деңгейі белгіленбеген. Республикалық және жергілікті бюджеттерден субсидияландырылатын жолаушылар тасымалдарының бағдарлары бойынша шығыстардың жеке есебі жүргізілмеген.
Субсидия мөлшерін шығыстарға есептеу кезінде тасымалдаушының субсидиялануға жатпайтын 655,6 миллион теңге шығыны да енгізілген.
Аталған қаражатты мәдени-ағарту, сауықтыру және өзге де іс-шараларды өткізуге, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыптарын, сот шығындарын, сыйақыларды төлеуге және тасымалдаушылардың банк қарыздары бойынша негізгі қарызын өтеуге жұмсағаны анықталды.
Магистральдық темір жол желілерінің реттелетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, ставкаларына, алымдарға) уақытша төмендету коэффициенттерінің келісу мәселесінің рәсімдері ұзаққа созылғаны байқалады. Сол себепті магистральдық темір жол желілерінің қызметтерін төмендету коэффициенті уақтылы қолданылмай, тасымалдаушылардың шығыстары өсуде. Мәселен, 2007-2008 жылдары тасымалдаушылардың нақты шығындары 2,8 миллиард теңгеге көбейді.
Субсидиялануға жататын бағдарларға шарт жасасу кезінде тасымалдаушылар вагондардың санын арттырып көрсетеді. Соның салдарынан, 2007-2008 жылдары министрлік «Сұңқар 1» ЖШС-ге және «Темір тұлпар KZ» ЖШС-ге 423,7 миллион теңгені артық төлеген.
Есеп комитеті Үкіметке темір жол жолаушылар тасымалдарының шығыстарын мемлекеттік субсидиялаудың экономикалық орындылығын қарауды ұсынды. 2007-2008 жылдары әлеуметтік маңызды облысаралық қатынас бағыттары бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидияландыруға республикалық бюджеттен 18 950,7 миллион теңге бөлінді.