Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Мұрат Құдаскиннің айтуынша, лауазым иесі жергілікті кәсіпкерге белгілі бір көлемде жер телімін бөлу жөніндегі шешім шығару үшін осынша мөлшерде «сыйақы» талап еткен. Құзырлы орган өкілдері күдіктіні пара алу кезінде құрықтап, уақытша қамау қапасына тоғытқан. Қазір оның үстінен «аса ірі көлемде пара алды» деген күдікпен ҚР ҚК-сінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғастырылуда.
09:30, 08 Қараша 2010
Есіл ауданының әкімі пара алу кезінде қолға түсті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 8 қараша . ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Есіл ауданының әкімі жарты миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен құрықталды.