АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Кеше, 24 қазан күні «Тәтті-Құрағаты» стансасы аралығында Көліктегі ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Луговой стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері дабыл нүктесінің жанынан Алматы облысының 17 жасар тұрғынын ұстады.
Тінту барысында, одан салмағы 6 келі 685 грамм болатын марихуана заты табылды.
Қазір ол Луговой стансасындағы желілік полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.