Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің ағымдағы жылдың 6 желтоқсанындағы ескертуіне сілтеме жасаған «Алматы қалалық құтқару қызметі» МКҚК хабарлайды.
Алматы қаласының құтқару қызметі алматылықтар мен қала тұрғындарын тау жаққа шығып, серуендеуден бас тартуға кеңес береді. Төтенше жағдайлардың қаупі пайда болған жағдайында 109,112 телефон нөмірлеріне хабарласу керек.