Ескі трамвайларды жаңғырту электр энергиясын 30-дан 48 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді - Павлодар

ПАВЛОДАР. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарда Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңғыртылған алғашқы трамвай жолға шықты, деп хабарлады «Трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Ескі  вагонның іші толығымен өзгертілді, қаптамалар заманауи жылу өткізбейтін материалдарға ауыстырылды, үнемдегіш жарық диодты шамдар орнатылды. Ең бастысы, вагонда электр энергиясын 30-дан 48 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін электронды жабдық орнатылды. Жаңғыртылған әрбір вагон электрді тұтынуда жылына 900 мың теңге үнемдейтін болады.

Жаңғырту бағдарламасы бойынша Павлодардың трамвай паркінде барлығы 65 вагон жаңғыртылады. Жолаушылардың жайлылығы барынша артатын болады.